Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы матчтары тамызда басталып, ойындар әр үш күн сайын өтеді
2020/21 маусым ойындары бәрі ойдағыдай болып тұрса қазан айының 20-23 күндері бастау көзделген
COVID-19 коронавирусына байланысты белгісіз мерзімге кешіктірілген кездесулер кестесін УЕФА 7 тамыздан бастауды жөн көріп, ойындарды әр үш күн сайын өткізуді жоспарлауда.
2-3 тамыз күндері Еуропа лигасы кездесулері басталса, 7-8 күндері Чемпиондар лигасы матчтарына старт беріледі. Осылайша әр үш күн сайын ойындар өткізіліп 26 тамызда Еуропа лигасы финалы, 29 тамызда Чемпиондар лигасы финалы өтетін болады.
Ал жаңа 2020/21 маусым ойындары бәрі ойдағыдай болып тұрса қазан айының 20-23 күндері бастау көзделген.