Чемпиондар лигасы финал кездесуінің алдын ала құрамы белгілі болды
Бүгін «Стад де Франс» стадионында «Ливерпуль» мен «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасының 66-шы маусымының финалдық ойыны өтеді.
УЕФА ресми сайты финалдық матчтың болжамды құрамын жариялады.
«Ливерпуль»: Алиссон, Александр-Арнольд, Конате, ван Дейк, Робертсон, Кендерсон, Фабино, Тяго, Салах, Мане, Луис Диас.
«Реал»: Куртуа, Карвахаль, Эдер Милитао, Алаба, Менди, Кроос, Каземиро, Модрич, Вальверде, Бензема, Винисиус Джуниор.
Финалдық кездесуді басқаруға франциялық төреші Клеман Тюрпенге сенім артылған.
Бұған дейін екі клуб 8 рет кездескен болып, онда «Ливерпуль» клубы 3 рет жеңіске жеткен, бір кездесу тең аяқталып, қалған ойындарда «Реал Мадрид» ұтқан.