Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чемпиондар лигасы: Челси өз үйінде жеңілсе, Барселона қонақта тең ойын көрсетті
11:55 / 2020-02-26

1/8 финалдық кездесулерінен орын алған кезекті ойындар көпшілік күтпеген нәтижемен аяқталды


Европа Чемпиондар лигасы ойындарының 1/8 финалдық кездесулерінен орын алған кезекті ойындар көпшілік күтпеген нәтижемен аяқталды.

Онда, «Челси» клубы Лондондағы әйгілі «Стамфорд Бридж» алаңында «Баварияны» қабылдап өз қақпасынан жауапсыз үш гол өткізіп жеңіліп қалды. Кездесудің алғашқы бөлімі тең өтсе де, үзілістен кейін қонақ команда Фрэнк Лэмпард шәкірттеріне қарсы өзгеше темпте ойын көрсетіп жаупсыз үш гол соқты. Осылайша ағылшын жанкүйерлері алдында «аристократтарды» масқара етті.

Ал Италияда «Наполи» Каталонияның «Барселона» клубын қабылдап 1:1 есебінде тең ойын көрсетті. Алғашқы таймның 30 минутында алаң иелері есепті ашқан болса, екінші бөлімде француздық «Барселонаның» шабуылшысы Гризман 57 минутта гол соғып етепті теңестірді. Таблодағы осы есеп ойын соңына дейін өзгермеді.

Жауап ойындары 18 науызда өтеді. 

Бүгін түнгі 27 ақпанға өтер кеште Чемпиондар лигасы ойындарының 1/8 финалдық кездесулерінің екінші күнгі кездесулері «Лион» -«Ювентус» және «Реал Мадрид» - «Манчестер Сити» арасында өтпек.