Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чемпиондар Лигасы: Аякс финалға жақындай түсті
11:38 / 2019-05-01

Кеше түнде Чемпиондар лигасының жартылай финал ойындарының алғашқы кездесуі өтті.


Кеше түнде Чемпиондар лигасының жартылай финал ойындарының алғашқы кездесуі өтті. 

Онда Англияның «Тоттенхэм» футбол командасы өз алаңында Нидерландының «Аякс» командасын қабылдап 0:1 есебінде жеңілді. 

Кездесудің 15 минутында нидерладтық жартылай қорғаушы Донни Ван де Бек командаласы Хаким Зиештің ұзатқан добынан Тоттенхэм қақпасына гол соқты. Бір қарағанда гол офсайтта соғылғанға ұқсайды бірақ ойын төрешілері бұл жағдайда соғылған голды есепке алыды. Осылайша амстердамдық клуб қонақтағы өткізген ойындарын қатарынан үшінші мәрте жеңіспен аяқтап отыр. 

Бұл ойын жайында кеше хабарлап, онда лондондық клубтың екі негізгі ойыншысы Харри Кейн мен Сон Хын Мин алаңға шыға алмауы есебінен амстердамдық футболшылар жеңіске деген баланстық көрсеткіші азда болса басым деген болатынбыз

Бүгін түнде өтетін жартылай финал ойындарының екінші кездесуі "Барселона" (Испания) - "Ливерпуль" (Англия) арасында өтпек. Көпшілік футбол сарапшылары бұл мачты финалдық деңгейдегі кездесу деп болжаған.