Чемпиондар лигасы: Ағылшын клубтары финалға шықты
Футболдан Еуропа Чемпиондар лигасының финалдық кездесуінде ағылшындық, «Манчестер Сити» мен «Челси» клубы ойнайтын болды.
Жартылай финал кездесулерінің жауап ойындарын өз алаңында өткізген екі ағылшындық клуб та, қарсылас командаларды екі гол айырмасымен ұтты. Алғаш «Манчестер Сити» Париждің «ПСЖ» клубын 2:0 есебінде жеңген болса (жалпы есеп 4:1), бүгін Лондонның «Челси» клубы Мадриттің «Реал» клубына жауапсыз екі гол соқты (жалпы есеп 3:1).
Осылайша АПЛ-дің екі грант клубы Ыстамбұлда өтер финалдық кездесуіге жолдама алды.

Маусымның финал кездесуі 29 мамыр Ыстамбұл қаласындағы «Ататүрік» алаңында өтеді.