Чемпиондар лигасы: 1/8 финал кездесулерінің жеребесі тартылды
Еуропа футбол қауымдастығы УЕФА-ның Ноьндағы штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының 1/8 финал ойындарына жеребе тарту салтанаты өтіп, онда топтық кездесуден шыққан командалардың қарсыластары белгілі болды.
1/8 финал кездесулерінің жеребесі бойынша:
«Боруссия М» (Германия) — «Манчестер Сити» (Англия)
«Лацио» (Италия) — «Бавария» (Германия)
«Атлетико» (Испания) — «Челси» (Англия)
«Лейпциг» (Германия) — «Ливерпуль» (Англия)
«Порту» (Португалия) — «Ювентус» (Италия)
«Барселона» (Испания) — «ПСЖ» (Франция)
«Севилья» (Испания) — «Боруссия Д» (Германия)
«Аталанта» (Италия) — «Реал Мадрид» (Испания)

Жеребе нәтижесіне орай алғашқы кездесулер өз тобындағы 2-орын алған клубтардың алаңында, ал қарымта матчтар 1-орын алған клубтардың алаңында өтеді.
1/8 финал кездесулерінің алғашқы ойындары 16-17, 23-24 ақпанда, ал қарымта кездесулер 9-10, 16-17 наурызға жоспарланған.