Лондондық «Челси» клубының титулдық демеушісі Роман Абрамовичке салынған санкциядан кейін клубпен келісімшартын тоқтатты.
The Athletic басылымының хабарлауынша, «Челсидің» титулдық демеушісі Three Telecommunications клубпен қазіргі серіктестігін тоқтатқан.
«Британ үкіметі жақында жариялаған санкциялардан кейін біз «Челсимен» серіктестігімізді уақытша тоқтатуды және команда киімдері мен стадионнан компания логотипін алып тастауды сұрадық. Бұл шешім Челси жанкүйерлеріне әсер ететінін түсінеміз. Дегенмен, бұл үкіметтің санкцияларынан кейін ынтымақтастықты тоқтатудың дұрыс жолы деп санаймыз », - деген клубтың титулдық демеушісінің өкілі.
Ұлыбритания Роман Абрамовичке қарсы санкция салып, оның активтерін бұғаттады. Ағылшын клубы футбол қызметін жалғастыру үшін арнайы лицензия алды.
Сонымен қатар, «Челсиге» көбірек билеттер сатуға рұқсат етілмейді - тек абонементтері барлар ойындарға қатыса алады. Сондай-ақ бұл жағдайда Лондон клубының дүкендері жабылады.
Бұл жағдайда «Челси» бұдан былай жаңа ойыншыларды сатып ала алмайды және келісім-шарттары 2022 жылдың жазында аяқталатын ойыншыларды сақтап қалуы да күмәнді.
Санкцияларға байланысты Абрамович командасын сату мүмкіндігінен айырылды. Британ үкіметі «Челсиді» бір шартпен ғана сатуға рұқсат бермек: түскен табыстың бір тиыны да Абрамовичке берілмейтін болады.