«Челси» жаңа бас бапкерін жариялады
Маурисио Почеттино Лондон клубының жаңа бас бапкері болды.
Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланған болып, аргентиналық маман лондондық командада 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастайды. Почеттино мен «Челси» арасында екі жылдық келісімшартқа қол қойылып, келісімді тағы бір жылға ұзарту туралы тармақ енгізілген.
Клуб Грэм Поттерді жұмыстан шығарғаннан кейін Фрэнк Лэмпард маусымның соңына дейін «Челси» бас бапкері болған еді. Осы өзгеріске қарамастан «Челси» маусымды 12-ші орында аяқтады. Бұл клубтың соңғы 29 жылдағы ең нашар көрсеткіші.
Почеттино бұған дейін «ПСЖ» клубын басқарған. 51 жастағы маман 2022 жылдың жазында Париж клубымен қоштасқан еді. «ПСЖ» командасына дейін ол АПЛ-де «Тоттенхэм» клубын 5 жылдан астам жаттықтырған.