«Челси» УЕФА Суперкубогы чемпионы атанды
Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Челси» мен Еуропа лигасының жеңімпазы «Вильярреал» клубы арасындағы УЕФА Суперкубогына өткен кездесуде Лондондық клуб жеңіске жетті.
Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласындағы «Виндзор Парк» алаңында өткен кездесудің негзігі уақыты тең (1:1) аяқталды. 27 минутта Хаким Зиеш аристократтарды алға шығарды. 73 минутта Жерар Морено гол соғып есепті теңестірді.
Негізгі уақыттың қалған бөлігінде есеп өзгеріссіз қалды және қосымша бөлімдер қарастырылды. Бірақ қосымша тайм уақытанда да жеңімпаз анықталмай төреші футболшыларды кездесудің шешуші пенальтилер сериясына шақырды.
Футбол лотереясындағы сәттілік лондондықтарға нәсіп етіп (есеп 6:5), «Челси» өз тарихында екінші рет УЕФА Суперкубогын жеңімпазы атанды.
Еске салар болсақ, 2019/20 маусымда «Бавария» мен «Севилья» клубы кездесіп, ойын 2:1 есебінде мюнхендік команда жеңісімен аяқталған еді.