«Челси» клубы трансферлерге ең көп ақша жұмсаған клубтар қатарында көш бастады
«Челси» Еуропадағы трансфер терезесінің қорытындысы бойынша футболшыларға ең көп ақша жұмсаған клубқа айналды
«Челси» Еуропадағы трансфер терезесінің қорытындысы бойынша футболшыларға ең көп ақша жұмсаған клубқа айналды.
Биылғы маусымда чемпиондыққа қол жеткізу үшін нақты қадам тастаған Лондондық клуб 7 ойыншы үшін 271 миллион еуро қаржы жұмсады. Тізім бойынша 21 жасты Кей Хавертс «Байер» клубынан 80 млн еуроға өткен болса, Тимо Вернер үшін аристократтар «Лейпциг» клубына 53 млн еуро төлеген. Кейінгі кезекте Бен Чилвелл («Лестер», 50,2 миллион), Хаким Зиеш (« Аякс, 40 миллион) және Эдвард Менди (Ренн, 24 миллион) команда сапына қосылғаны белгілі болып, Маланг Сарр мен Тиаго Силва еркін агент ретінде келген.
Трансфер терезесінің қорытындысы бойынша футболшыларға ең көп ақша жұмсаған клубтар қатарында «Манчестер Сити» (156,8 миллион) екінші орында, ал «Барселона» 124 млндық соммамен үздік үштікті аяқтаған.