Англияның «Челси» клубы сатылып, одан түскен ақша Украинадағы соғыстан жәбірленгендер үшін қайырымдылыққа жұмсалады.
Бұл туралы Лондондық клуб президенті Роман Абрамович хабарлап, клубты 4 миллиард еуроға бағалаған.
«Бұл мен үшін ешқашан бизнес болған емес. Мен бұл спортты және команданы жақсы көремін. Клубты сатудан түскен қаржы арнайы қорға аударылады. Бұл қор Украинадағы соғыста зардап шеккендерге көмек ретінде жұмсалмақ. Қордағы ақша шұғыл заттарды сатып алуға, сондай-ақ [Украинаны] қалпына келтіру процесіне жұмсалады», деген ол.
The Telegraph дерегінше, Ресейлік кәсіпкердің өкілдері клубты бірқатар инвесторлар мен нақты сатып алушыларға сату жөніндегі келіссөздер осы аптаның соңына дейін жалғасатынын мәлімдеген.
The New York Times газетінің хабарлауынша, Челсиді сатып алуға мүдделі сатып алушылар 4 миллиард тым қымбат деп санайды, ал Лондон клубының бағасы 2 миллиард еуродан аспайды.
Айта кетейік, Роман Аркадьевич «Челсиді» 2003 жылы ағылшын Кения Бейтстен 140 миллион фунтқа сатып алған болатын.