Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Челси клубы футболшылардың 10, бапкердің 25 пайыз жалақысын қысқартатын болды
17:42 / 2020-04-20

Нәтижеде аристократтар 4 айда 12,5 миллион доллар қаржы үнемдейтін болды


Лондонның «Челси» клубы әлемдік пандемия кезінде қаржылық кедергілерге тап болғандығына байланысты футболшылардың 10 пайыз, бапкердің 25 пайыз жалақысын қысқартуға келісті.

Бұл жағдай алғашында клуб басшылығы тарапынан 30 пайызға дейін төмендетілмек болған. Алайда футболшылар және жаттықтырушылар ақылдаса келе, жалақыны 10 пайызға азайтуға разылық танытқан. Ал бас бапкер Фрэнк Лэмпардтың жалақысы 25 пайызға қысқаратын болған. Нәтижеде аристократтар 4 айда 12,5 миллион доллар қаржы үнемдейтін болып, АПЛ-де алғашқы қысқартуларға қол жеткізген клубқа айналды. Өзгерістер мамыр айынан басталады.

Клуб басшылыңы бұған дейін жалпы құны 1 миллиард фунтдты құрайтын жаңа стадионның құрылысынан бас тартқан болатын. Өйткені оның құрылысына берілген рұқсатнама 31 наурызда өз күшін жойды. Ал, рұқсат қағазы 2017 жылда берілген болып алаң құрылысы 2018 жылда бастау алдында тоқтаған. Оның не себепті тоқтатылғаны жайлы нақты дерек айтылмайды. Бірақ жергілікті БАҚ беттерінде клуб президенті Роман Абравомич үкіметтегілермен келісімге келе алмаған, деген хабар айтылады.