Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Челси» Фрэнк Лэмпардты қызметінен босатты
17:11 / 2021-01-25

Лондонның «Челси» клубы Фрэнк Лампардты қызметінен босатты.

Аристократтар ресми түрде жарияланған ақпаратта, «Челси футбол клубы бүгін бас жаттықтырушы Фрэнк Лампардпен қоштасты», делінген.

42 жасты ағылшын маманы клубқа 2019 жылдың жазғы маусымында жұмыс бастаған болатын. Ағылшын премьер-лигасында лондондықтар соңғы бес матчтың біреуінде ғана жеңіске жетіп, 19 турдан кейін 29 ұпаймен тоғызыншы орында тұр. 

Бұған дейін, Лампард отставкаға кеткен жағдайда, «Ювентустың» бұрынғы бас бапкері Массимилиано Аллегри немесе «ПСЖ» клубының бұрынғы жаттықтырушысы Томас Тухель Лондондық клуб басқаруына тағайындалады деген қауесет тараған еді.