Чехия өз алаңында Англия үстінен жеңіске жетті
Кеше хабарлағанымыздай Европада өткен Еуро – 2020 ойындарына болған іріктеу кезеңінің 7-тур кездесулері өтті.
Онда А тобындағы көшбасында келе жатқан Англия құрамасы қонақта чехтарға жол берді. В тобындағы негізгі кездесу Португалия – Люксембург арасында өтіп, онда алаң қожайындары ірі есепте жеңіске жеткен болса, Н тобында Франция қонақта Исландияны тізе бүктірсе, Түркия өз үйінде Албания құрамасын 1:0 есебінде жеңді.
7-тур ойындарының толықтай ойын нәтижелері:
“А” тобы
Чехия – Англия 2:1
Черногория – Болгария 0:0
“В” тобы
Португалия – Люксембург 3:0
Украина – Литва 2:0
“Н” тобы
Исландия – Франция 0:1
Туркия – Албания 1:0
Андорра – Молдова 1:0