Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ChatGPT футболдан символдық команда құрастырды
12:57 / 2023-04-03

Американдық ChatGPT нейрон желісі футбол бюойынша барлық уақыттағы ең күшті символдық команданы құрастырды.

The Athletic мәліметінше, 45 жасқа келсе де Италияның «Парма» клубында өнер көрсетіп жүрген аты аңыз Джанлуиджи Буффон қақпадан орын алды.

Нейрон желі құрама команданың оң қанатына 2002 жылғы әлем чемпионы Кафу, орталық қорғаныста Франко Барези мен Франц Беккенбауэр, сол қанатта Паоло Мальдиниді орналастырған.

1998 жылғы әлем чемпионатының қаһарманы Зинедин Зидан, голландиялық аңыз ойыншы Йохан Кройфф және аргентиналық футбол жұлдызы Диего Марадона жартылай қорғау шебінен орын алған.

Үш дүркін әлем чемпионы Пеле, заманауи футбол жұлдыздары Криштиану Роналду мен Лионель Месси шабуыл шебінен бой көрсеткен.