ӘЧ-2026: Өзбекстан құрамасы Иранмен өткен ойында тең нәтиже көрсетті
2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Өзбекстан ұлттық құрамасы Иранмен кездесті.
Ойында өзбекстандық футболшылар екі мәрте есепте алға шықты. Алдымен, 16-минутта Хожимат Эркинов есеп ашты. Екінші таймда Ираннан Мехди Тареми таразы басын теңестірді. Алайда, бұл голдан кейін бір минут өтпей жатып, Аббосбек Файзуллаев өзбек құрамасын қайтадан алға шығарды.
81-минутта тағы да Тареми гол соғып, есепті 2:2-ге жеткізді. Қалған уақытта екі құрама да жеңіс голын соғуға тырысқанымен, таблодағы көрсеткіш өзгермеді.
Осылаймен матч тең нәтижемен аяқталды.