ӘЧ-2022: Қатарда өтетін футбол жарысы АҚШ немесе Жапонияға ауыстырылуы мүмкін
Бұл жағдай 2022 жылғы Әлем чемпионатын қабылдаушы елді таңдауда жемқорлыққа жол бергендік хабардан кейін орын алған
Футбол бойынша Қатарда өтетін 2022 жылғы Әлем чемпионаты жемқорлыққа байланысты АҚШ немесе Жапония өтуі мүмкін.
ФИФА-ның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер 2022 жылғы ӘЧ өткізу құқығын Қатар елі иемденуіне байланысты арада жемқорлық орын алған деген хабарға, өз пікірін былай жеткізген: -Қатарда өтуі жоспарланған 2022 жылғы Әлем чемпионатының қазргі жанжалдарына байланысты турнир Германия өтуі мүмкін. Бірақ бұл 2018 жылдан кейінгі келесі әлем чемпионаты тағы да Еуропада өтеді деген сөз. Оданда АҚШ-та 2026 жылғы ӘЧ орнына ауыстыруға болады. Олар мұны жасауға қабілетті. Сондай-ақ, турнирді өзінде қабылдауға Жапонияныңда мүмкіндігі жетерлік, олар 2022 жылғы әлем чемпионатына үміткерлер қатарында болған. Бір жақсы тарапы бұл чемпионатта 48 емес, 32 команда болады. Сондықтан Ресей Федерациясындағы турнирден кейін ФИФА мамандарына қиындық туғызбайды»,- деген.
Бұған дейін БАҚ беттерінде АҚШ ФИФА-ны 2022 жылғы Әлем чемпионатын қабылдаушы елді таңдауда жемқорлыққа жол берді деген туралы хабарлаған. Ал 2022 жылғы турнир өту мерзімі Қатарда 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығына жоспарланған.