Өзбекстанда жаңадан құрылған Centrum Air әуе компаниясы Ташкент пен Ферғана бағытын жалғайтын әуе рейс ашты.
Uzbekistan Airports мәліметінше, 15 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 09:52-де Ташкент-Ферғана бағыты бойынша ұшақ Ферғана халықаралық әуежайына қонды.
Дәстүр бойынша бортында 86 жолаушы бар ұшақты су аркасымен қарсы алынған.
Сондай-ақ, әуе компаниясы Ташкент-Үргеніш-Ташкент бағыты бойынша да жолаушылар рейсін жолға қоюды жоспарлауда. 2023 жылдың 17 ақпанынан бастап осы бағыт бойынша чартерлік рейстер аптасына екі рет – жұма және жексенбі күндері Airbus A320 ұшағында орындалатын болады.
Centrum Air — 2023 жылдың қаңтарында жолаушылар рейсін орындауға рұқсат алған Өзбекстанның арзан авиакомпаниясы. Бүгінгі таңда тасымалдаушының паркінде екі Airbus A320 ұшағы бар. Жақын арада әуе компаниясы тағы бір жолаушы ұшағын – Boeing 737 сатып алуды жоспарлап отыр.