Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Cathay Pacific әуе компаниясы әлемдегі ең ұзын әуе бағытын ашпақ
14:05 / 2022-03-29

Гонконгтың Cathay Pacific әуе компаниясы Нью-Йорк - Гонконг бағыты бойынша Ресей әуе кеңістігін айналып өтіп, әлемдегі ең ұзын әуе бағытына айналатын үздіксіз рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Bloomberg басылымының хабарлауынша, бұл жағдай Батыстың Ресейге қарсы санкцияларына байланысты орын алып отыр. Осыған орай Азияның бірқатар әуе компаниялары Ресей аумағы арқылы ұшудан бас тартуда.

Нью-Йорктен Гонконгқа ұшатын Cathay Pacific әуе лайнерлері шамамен 17 сағатта 16 618 км қашықтықты бағындырады. Енді Сингапурдан Нью-Йоркке (15 349 км) тоқтаусыз рейс ең ұзақ бағыт болып саналады, деп хабарлайды Bloomberg.

Cathay Pacific өкілі бұл бағытта Airbus A-350-1000 ұшағы қолданылатынын мәлімдеген.