English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Cannes – 2020 кинофестивалі басқа күнге көшірілді
10:57 / 2020-03-20

Кинофестифалдің 2019 жылғы бас жүлдесі «Атын палма бұтағы» Оң. Кореялық режиссер Пон Джун Хоның «Паразиттер» трагикомедиясына табыстылған еді


Тарихта 73-ші мәрте өтуі жоспарланған биылғы халықаралық Канн кинофестивалі жер бетіне жаппай тарған коронавирустық эпидемия салдарынан өту мерзімі басқа күнге көшірілді.

2020 жылдың мамыр айының орталары 12-23 жұлдызына өткізуді белгілеген айтуылы кинофестивал ұйымдастырушылары, әлемдік «пандемияға» байланысты жылдық киногерлер туындысын бағалау шарасын маусым айының соңы мен шілденің басына көшіруді ойластыруда. Қазірге бір тоқтамға келген даталы мерзім нақты емес. Бірақ Франция мен әлемдік ахуалдың коронавирусқа қатысты жағдайы фестивал өткізуге мүмкіндігі болған кезде бұл жөнінде хабарланатынын айтқан.

1946 жылдан бастау алған (1948 жыл мен 1950 аралығында қаржы жетіспеуінен өтпей қалған) айтулы кинофестивалдің 2019 жылғы бас жүлдесі «Атын палма бұтағы» Оң. Кореялық режиссер Пон Джун Хоның «Паразиттер» трагикомедиясына табыстылған еді.