CAFA Nations Cup турнирінде Иран құрамасы чемпион болды
Ұлттық құрамалар арасында алғаш рет өткізілген CAFA Nations Cup турнирі өз мәресіне жетті.
«Бунёдкор» стадионында өткен финалдық ойында Иран құрамасы Өзбекстан командасын 1:0 есебінде жеңіп, алғаш рет ұйымдастырылған турнир жеңімпазы атанды. Кездесудегі жалғыз голды Сердар Озмунның соқты (48 минут).
3-орын үшін болған тартысты кездесуде Оман құрамасы Қырғызстанды 1:0 есебінде ұтты.