Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Cadena SER: Месси Барселонадан кетеді
11:31 / 2020-07-03

33 жасты шабуылшының клубпен келісімі 2021 жылда аяқталады


Каталонияның «Барселона» клубы капитаны аргентиналық Лионель Месси 2021 жылда клубтан кетеді.

Cadena SER радиосы таратқан ақпаратта ол клубпен жаңа келісім-шарт жөніндегі келіссөздерді тоқтатқан. Оған себеп ретінде Месси БАҚ беттерінде тараған хабарлардан ренжігені айтылады. Онда клубтың бұрынғы бапкері Эрнесто Валверденің қызметтен кетуіне қатысы бар екендігі жайлы жазылған. Бұдан бөлек Месси «Барселонада» қазіргі кезде жеңіске жетуге деген жақсы жобаның жоқ екендігіне наразылық білдірген және өзіне қатысты емес клубтың басқада жұмыстарына араласудан шаршағанын айтқан.

33 жасты шабуылшының клубпен келісімі 2021 жылда аяқталады. Ол жуырда «Атлетикоға» қарсы ойында өзінің 700 голын соқты (630 гол клуб сапында, 70 гол ұлттық құрама сапында соққан).