French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«ByteDance» компаниясы Microsoft-қа TikTok-ты сатудан бас тартты
14:46 / 2020-09-14

Қытайдың «ByteDance» компаниясы Microsoft корпорациясына TikTok әлеуметтік желісінің американдық сегментін сатудан бас тартты


Қытайдың «ByteDance» компаниясы Microsoft корпорациясына TikTok әлеуметтік желісінің американдық сегментін сатудан бас тартты. Тиісті мәлімдеме Microsoft сайтында 13 қыркүйек күні шыққан.

«Reuters» басылымындағы хабарға сай, қытайлық компания TikTok қосымшасын басқа бір американдық корпорация Oracle-ге сатуды көздеген. АҚШ үкіметінің жарлығы бойынша бұл қосымша қыркүйектің 20 жұлдызына дейін АҚШ-тың компанияларына сатылмайтын болса, ол Америка интернет нарығында бұғатталады.

Қазіргі кезде «ByteDance» компаниясы АҚШ-та, Австралия мен Жаңа Зеландияда TikTok бизнесін кімге сатылатынын шешкен, бірақ әлі сатып алушылар жөнінде ақпарат бермеген.

Әлеуметтік желіде қысқа видео-таспалар арқылы танымал болған қосымша тамыз айында әлемдегі ең көп жүктелген қолданбаға айналды. Ал АҚШ билігі оны ұлттық қауіпсіздікке, экономика мен саясатқа қауіп төндіргендікте кіналауда. Соның негізнде оны АҚШ компаниясына сату немесе елде бұғаттау туралы шешім шығарған.