Жыззақ облысында орналасқан «BYD Uzbekistan Factory» зауытына ISO 9001:2015 халықаралық сапа менеджменті стандартының сертификаты табысталды. Бұл сертификат зауыттың барлық өндіріс процесстерінің жоғары сапа талаптарына сай екенін және халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін растайды.
Осылайша, зауыт ішкі және сыртқы нарықтарда өзінің өнімдеріне деген сенімді арттырып, экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік алады.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 18 наурыздағы жарлығына сәйкес құрылған «BYD Uzbekistan Factory» бірлескен кәсіпорнында гибридті автокөліктердің өндірісі жолға қойылған. Зауыттың жалпы құны 160 миллион АҚШ долларына бағаланып, оның жылдық қуаттылығы 50 мың көлік шығаруға жетеді. Өткен жылы зауытқа 60 миллион доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, 1300 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын дәнекерлеу, бояу және жинау секілді заманауи технологиялармен жабдықталған.
Зауытта ерекше атап өтуге тұрарлық жайт – ТМД аумағындағы жалғыз алдыңғы қатарлы зертхананың жұмыс істеуі. Сонымен қатар, өнімді жергіліктендіру үдерістері белсенді түрде жүргізілуде, қазіргі уақытта республикада 7 отандық кәсіпорында 60-тан астам қосалқы бөлшектер шығарылады.
Қазіргі таңда «BYD» компаниясының 8 моделі – «Song Plus DMi», «Song Plus EV», «Chazor», «Song Pro», «Han», «Seagull», «E2» және «Yuan Up» – Өзбекстан нарығына ұсынылған. Бұл көліктер жергілікті климатқа бейімделген және мультимедиа жүйесі өзбек және орыс тілдерін қолдайды, сонымен қатар қашықтан басқару және интернетке қосылу мүмкіндіктері бар.
Қазіргі уақытта ел бойынша 21 ресми дилерлік және сервис орталығы тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетіп отыр.
«Bureau Veritas Tashkent» сертификаттау ұйымының басшысы Мунира Расулова бұл стандартты енгізу – жасыл экономика мен тұрақты даму қағидаттарын сақтау, BYD компаниясының имиджін қалыптастыру, бизнес-тәуекелдерді басқару және серіктестер мен тұтынушылар сенімін нығайту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.