Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бұхараның өндіріс аймағында «Жаңа Өзбекстан» массиві бой көтерді
21:02 / 2024-05-31

Президент Шавкат Мирзиёев «Қаракөл» ауданындағы «Жаңа Өзбекстан» массивіне барды.

Бұл өңірде бұрын соңды мұндай ауқымды құрылыс болмаған. Мемлекет басшысының 2021 жыл 13 тамыздағы шешіміне сәйкес «Қаракөл» еркін экономикалық аймағы құрылғаннан кейін өндіріс  қарқынды дамыды. Мұндағы зауыттарда алдағы уақытта мыңдаған адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, республиканың басқа өңірлерінен де мамандар келіп жұмыс істейді. Оларға жайлылық пен отбасыларына лайықты жағдай жасау үшін осы экономикалық аймақтың жанынан жаңа массив бой көтеруде.

Жоба екі кезеңді, 1380 пәтерлі 71 көпқабатты тұрғын үй, білім және медициналық мекемелер, махалла орталығы және қызмет көрсету нысандарын салу жоспарланған.

Қазір бірінші кезеңде 12 көпқабатты тұрғын үй, мектеп, балабақша, емхана пайдалануға берілген.

Мемлекет басшысы осында  махалла өкілдерімен әңгімелесті.

– Махаллада «жетілік» бір-бірімен жақсы байланыста болса, жұмыссыздық та, қылмыс та болмайды. Бұл үшін олардың өкілеттігі жеткілікті. Ресми ұйымдардың көмегімен, халықтың табыс табуына көмектесу керек. Мектепте білім сапасынан хабарлы болып, түлектерді жоғары оқу орындарына, пайдалы кәсіптерге бағыттау қажет, – деді Президент.

Айнала мен жол жиегін абаттандыру бойынша тапсырмалар берілді. Алдағы уақытта аймақта демалыс саябағы мен жүзу бассейндері салынады. Бос жерлерге ағаштар отырғызылып, аллеяға айналады.