Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бұхараның көне жібек қағазын қалпына келтірген шебер
09:56 / 2024-08-01

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бұқарлық Даврон Тошев – Өзбекстанға ғана емес, әлемге танымал шебер қолөнерші. Ол 100 жыл бұрын жоғалған Бұхараның көне жібек қағазын қалпына келтірген.

Бастапқыда шебер Даврон ағасынан миниатюра өнерін үйренеді. Ежелгі салт-дәстүрге деген қызығушылығының арқасында ол Бұхара жібек қағазын қайта қалпына келтіреді. Шебер бүгінге дейін өзі құрған орталықта мақта, тұт қабығы, жібектен қағаз шығаруды қолға алған. Қазір орталықта 6 шебер, 20 шәкірт еңбек етуде.

[gallery-18502]

Облыстың туристік әлеуетін арттыру мақсатында орталықта туристерге қосымша қызмет көрсету желісі құрылып, 28 орындық қонақ үй мен мейрамхана қызметі жолға қойылған.

Даврон Тошев Мемлекет басшысы тарапынан 2015 жылы «Шухрат» медалі, 2022 жылы «Достық» орденімен марапатталған. Сондай-ақ бірқатар республикалық және халықаралық беделді байқаулардың жеңімпазы атанған.

суреттерді түсірген Тахир ИСТАТОВ, ӨзА