Бұхараның көне келбеті (ФОТО)
Бұхара күллі әлемге көне келбетімен мәшһүр қала. Тарихтан белгілі орта ғасырларда исламның басты орталығы хәм мәдени ошағы болып, Ұлы Жібек жолының негізгі қатынас мекен болған. Бір сөзбен айтқанда батыс пен шығысты байланыстырушы керуеннің басты өткелі десек артық болмас.
Қазір мұндағы көнеден қалған сарайлар, медреселер, мешіттер, кесенелер, керуен-сарайлар, көне үйлер, монументалды өнер туындылары сияқты ескерткіштер елдің тарихы, өткендер өмірі мен мәдени және рухани мұралары туралы сыр шертеді.
[gallery-1116]