French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бұхарадағы көпқабатты үйдегі жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды
12:25 / 2021-02-05

4 ақпан күні Бухара қаласының Ислам Каримов көшесі бойында салынып жатқан көп қабатты үйлердің бірінде газ құбырын жалғау кезінде жарылыс болып, 12 азамат жарақат алды.

Атаулы оқиғаға байланысты Бухара облыстық прокуратурасы қылмыстық іс ашып, Қылмыстық кодекстің 259-бабы 2-бөлігінің «б» тармағымен қылмыстық іс қозғады. Қазіргі кезде тергеу істері басталған.

Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының Бұхара филиалының хабарлауынша «WHITE GROUP TRADING» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 9 қабатты үйдің 3 қабатында болған жарылыс салдарынан дене жарақат алған 12 адамның екеуі жеңіл, қалғандары орта ауыр жарақат алған.