Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бұхарада жаз маусымына арналған фестивал өтеді
09:58 / 2025-06-04

ФОТОРЕПОРТАЖ

6–8 маусымы аралығында Бұхара қаласында дәстүрлі «Жібек пен дәмдеуіштер» фестивалі өтеді.

Фестивал бағдарламасына сәйкес ығысқа тән дәмдеуіштер мен иіссу өнімдері,хан-атлес секілді өзбек жібегі мен мақта маталарынан жасалған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкелері, музыкалық концерттер, этно-мода көрсетілімі, ойын-сауық бағдарламалары мен гала-концерттер ұйымдастырылады.

[gallery-23729]

Қазіргі уақытта фестивальге дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Әсіресе ақпараттық-насихаттық бағыттағы шараларға, сондай-ақ гала-концерттер өтетін алаңдарды безендіруге баса назар аударылуда.

Сонымен қатар Бұхара халықаралық әуежайы мен теміржол вокзалы, қала көшелеріндегі абаттандыру және безендіру жұмыстары аяқталуға жақын.

Айта кетерлік жайт, атаулы фестивал — Бұхараның мәдени өміріндегі маңызды оқиға ғана емес, сонымен қатар бұл өңірдің халықаралық туризм кеңістігіндегі абыройын арттыратын бірегей платформа саналады.

суреттерді түсірген Т.ИСТАТОВ, ӨзА