Бұхарада халықаралық фестивал өтеді
2023 жылдың 16-18 маусымы аралығында Бұхарада «Жібек және дәмдеуіштер» халықаралық фестивалі өтеді.
[gallery-12249]
Фестиваль аясында түрлі іс-шаралар жоспарланған. Шараның салтанатты ашылуы қала орталығындағы «Пойи Калон» кешенінде өтеді. Онда мәдени іс-шаралар, қолөнер шеберлерінің жасаған өзбек ұлттық бұйымдарының көрмелері ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, «Арк» бекініс алаңында театр ұжымдарының қойылымдары, ұлттық ойындар, фольклорлық ұжымдар мен үйірме ансамбльдерінің өнер көрсетулері мен ойын-сауық шараларының өтуі көзделген.
суреттерді түсірген Тахир ИСТАТОВ, ӨзА