Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бұхарада «Әуе шарлары» фестивалі өтті
10:44 / 2025-01-04

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бұхарада «Жастар туризмі апталығы»ның басталуы қарсаңында «Әуе шарлары» фестивалі өтті.

Осы мереке аясында әуе шарларының ұшуын тамашалап, қызықты ойын-сауық бағдарламаларына қатысу үшін қала тұрғындары мен қонақтары үлкен қызығушылық танытты.

[gallery-21131]

Қазіргі уақытта облысқа келген туристер көне және тарихи Бұхараның көрікті жерлерін тамашалауымен қатар, қала көшелеріндегі мерекелік декорациялар, Жаңа жыл шаралары, Аяз ата мен Қарқыз қойылымдарын тамашалауда.

Айта кету керек, Жаңа жыл мерекесіне орай туристерге 10 қаңтарға дейін Бұхара облысындағы туризм саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілері (орналастыру орындары, қоғамдық тамақтандыру желілері, көлік құралдары) тарапынан 5 пайыздан 40 пайызға дейін ерікті жеңілдіктер ұсынылуда. Бұл өз кезегінде облыс туризмінің дамуына және туристер ағынының артуына үлес қосуда.

суреттерді түсірген Т.ИСТАТОВ, ӨзА