Бұхарада туризм және қызмет көрсету саласы қарқынды дамып келеді
ФОТОРЕПОРТАЖ
Кейінгі жылдары Бұхарада туризм мен қызмет көрсету саласын жедел дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.
Осы жұмыстардың нәтижесінде жаңа, заманауи қонақ үйлер, хостелдер, отбасылық қонақ үйлер, кафе және мейрамханалардың саны артуда. Ондағы қызмет көрсету сапасы туристерге ұнап отыр.
[gallery-19147]
Қонақ үйлердің бірінші қабаттарында ұйымдастырылған ұлттық сауда орталықтары мен қолөнер бұйымдары дүкендері шетелдік туристердің ерекше назарын аударуда. Қонақ үйлердің шатырларындағы террастарда қонақтар демалып, түнгі Бұхараның көрінісін тамашалау мүмкіндігі жасалған. Мұндай ыңғайлылықтар қалаға келуші туристер санын көбейтуде маңызды рөл атқарады.
суреттерді түсірген Т.ИСТАТОВ, ӨзА