Бұхарада туристерге тәулік бойы қызмет көрсететін мобильді базар іске қосылды
Базар аумағындағы ғимараттар Бұхара, Ташкент, Самарқанд, Хорезм, Қашқадария облыстарының символдық қақпаларының үлгісінде салынған.
Өзбекстанның туристік әлеуетін тиімді пайдалану және туристерге қолайлылық жасау мақсатында Бұхара қаласында аптасына 7 күн, 24 сағат қызмет көрсететін мобильді базар іске қосылды.
«Түнгі мобильді базар» қызметін іске қосу шетелдік және жергілікті туристерге туристік қызмет көрсету түрлерін арттыруға және туристік нысандардың инфрақұрылымын түбегейлі жақсартуға, атап айтқанда, туристерді Өзбекстанның материалдық және материалдық емес мәдени мұралармен таныстыруға мүмкіндік береді.
Бұл мекенде үлттық өзбек тағамдарын ұсынатын мейрамханалар, кәдесый, қолөнер дүкендері бар. Сондай-ақ бірегей стильдегі жарықтандыру құрылғыларымен қамтамасыз етілген.