Бұхарада тарихи ескерткіштерге тікұшақпен турлар ұйымдастырылуы мүмкін
Бұхара облысы, Ромитан ауданы, Буронтөбе бекінісінің жанындағы Варахша массивінде орналасқан көне ескерткіштерге тікұшақпен саяхат турлар ұйымдастырылуы мүмкін.
– Біз Бұхара облысындағы «Bukhara Desert Oasis & Spa» кешеніне тікұшақпен турларды ұйымдастыру мәселесін қарастырып жатырмыз. Атқарылып жатқан іс-шаралар өңірге туризм ағынын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Ол отандық және шетелдік туристерге әлемдік стандартқа сай мінсіз өнім ұсынады, - деді «Uzbekistan Helicopters» компаниясының басшысы Сардор Нормухаммедов.
Бұхара облысына 2022 жылы үш жарым миллион турист келген, 2025 жылы бұл көрсеткішті он миллионға жеткізу көзделген.
Буронтөбе ескерткішін туристік аймағына айналдыру бағытында да жұмыстар басталған. Сондай-ақ бұл жерден Хорезм мен Самарқанд қалаларына тікұшақ пен ұшақ рейстерін ашу да жоспарлануда.