Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бұхарада салынып жатқан жел электр станцияларына жел турбинасы Қытайдан әкелінуде
10:44 / 2023-05-25

Бұхара облысының Гиждуван және Пешку аудандарында 2 ірі жел электр станциясының құрылысы жалғасуда.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бұл ауқымды жел электр стансаларына арналған турбиналар Қытайдан әкелініп жатыр.

Айта кету керек, бұл станцияларға жалпы қуаты 1 гигаватт болатын 158 жел қондырғысын орнату арқылы жыл сайын 3,6 миллиард киловатт сағат электр энергиясы өндірілетін болады. Орталық Азия аймағындағы жел энергетикасы бойынша ең ірі жобаға айналатын бұл стансалардың іске қосылуының арқасында 1,1 миллиард текше метр табиғи газ үнемделіп, 1 миллион тонна зиянды газдың атмосфераға таралуына тосқауыл қойылады. 

Станциялар 2024 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.