Біріккен Араб Әмірліктері Шарджа Әмірлігі үкіметінің атқарушы төрағасы Шейх Фахим бен Сұлтан Әл Қасими бастаған делегация Бұхараға келді.
Мәртебелі меймандарды Бұхара облысының әкімі Батыр Зарипов қабылдады. Шынайы және достық рухта өткен сұхбат басында Батыр Зарипов Шейх Фахим бен Сұлтан Әл Қасимиді Бұхараға жасаған сапарымен құттықтады. Сондай-ақ, аймақ басшысы БАӘ мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қарым-қатынас барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Әңгіме барысында Батыр Зарипов Бұхараның бай тарихы, бүгінгі экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктері, өнеркәсіп, өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм және инвестиция салаларындағы мүмкіндіктер туралы мағлұмат берді. Өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастарын одан әрі дамытып, жаңа бағыттар бойынша екіжақты әріптестік орнатуға дайын екенін білдірді.
[gallery-16970]
Өз кезегінде Шейх Фахим бен Сұлтан Әл Қасими мырза Бұхарада болғанына қуанышты екенін атап өтті. Ол осы қаланың тарихи орындарында болғанын, олардың ұлылығы мен сүйкімділігіне таң қалғанын жасырмады. Ол сондай-ақ Өзбекстан мен БАӘ арасындағы көп қырлы ынтымақтастық бүгінде жоғары деңгейге көтерілгенін қуанышпен атап өтті.
Содан кейін Бұхара қаласы мен Шарджа әмірлігі арасында бауырластық қарым-қатынас орнату жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандум қалыптасқан қарым-қатынастар мен барлық бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келесі қадамы болды.
БАӘ Шарджа әмірлігі үкіметінің атқарушы төрағасы шейх Фахим бен Сұлтан Әл Қасими бастаған делегация мүшелері Бұхарадағы тарихи ескерткіштер мен киелі орындарды аралады.
З.Комилов, Т.Истатов (сурет), ӨзА