English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бұхара облысының даму мүмкіндіктері талқыланды
00:32 / 2023-08-11

10 тамызда Ромитан ауданында Бұхара облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиын басында Бұхара облысында жаңа өндірістік, қызмет көтсету және әлеуметтік сала кешендерін іске қосу рәсімі өтті. 

Мемлекет басшысы рәміздік түймені басып, бұл кешендерді іске қосты.

Содан соң Бұхара облысының әлеуметтік-экономикалық даму шаралары, осыған байланысты жыл соңына дейін атқарылатын негізгі міндеттер талқыланды.

Ең алдымен экономикалық көрсеткіштер тіркеліп, қосымша мүмкіндіктер көрсетілді.

Биылғы жылдың алты айында Бұхарадағы өнеркәсіп 5,3 пайызға өскен. Жалпы экспорт 124 миллион долларды құрады. Осы кезеңде 250 миллион доллар тікелей инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге өскен. Бірақ кейбір қалалар мен аудандарда бұл көрсеткіштер төмендеген.

Жыл соңына дейін 858 жоба іске қосылып, 15 мың жұмыс орны ашылатыны айтылды. Жалпы, 250 мың тұрғынды жұмыспен қамту қажет.

Салада импортты 150 миллион долларға дейін қысқарту, экспортты 400 миллион долларға жеткізу міндеті қойылды. Облыстың туристік әлеуетін толық пайдаланып, 25 мың адамды жұмыспен қамтуға және 300 миллион доллар экспорттық кіріс алуға болатыны айтылды.

Жиында қаралған мәселелер бойынша облыс, қала және аудан әкімдерінің есебі тыңдалды.