Бұхара облысында екі жел электр станциясы салынады
Бұхара облысының екі ауданында қауты 300-500 МВтты екі жел электр станциясы салынады.
Өзбекстан Республикасы Үкіметінің атынан Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, «International Company for water and power projects» (Сауд Арабиясы) мен келесі жобалық компаниялар арасында 2021 жылы 24 қаңтарда жасалған инвестициялық келісімдерді мақұлдады:
- Инвестор тарапынан «Бухара облысының Пешку ауданында қуаты 300-500 МВт жел электр станциясының құру» инвестициялық жобасы аясында «ACWA Power Dzhankeldy Wind» ЖШС;
- Инвестор тарапынан «Бухара облысының Ғиджуван ауданында қуаты 500 МВт жел электр станциясының құру» инвестициялық жобасы аясында «ACWA Power Bash Wind» ЖШС.
Келісім-шартқа сай инвесторлар мен жобалық компаниялар мынадай міндеттемелерді өз ішіне алды:
- инвестициялық жобалардың барлық кезеңінде жобалау, қаржыландыру, салу және жел электр станцияларын пайдалану;
- әрбір инвестициялық жобамен байланысты ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, жалпы құны 650 млн АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту.