Буркина-Фасода әскери бүлік шығып, президент отбасы елден қашып кетті
Буркина-Фасо президенті Рок Марк Кристиан Каборенің отбасы әскери бүлік шыққаннан соң елден кетіп қалған.
LSI Africa панафрикандық порталының хабарлауынша, Буркина-Фасодағы тәртіпсіздіктерге қатысқан әскерилер президент Каборенің отставкаға кетуін талап еткен. Осыған байланысты ел астанасы Уагадугудағы президент резиденциясының маңында атыс дыбыстары естіліп, аспанда тікұшақтар ұшып жүргені көрінген.
Басылым бүлікші әскерилер президенттің отставкаға кетуін талап еткенін жазған. Көшбасшының өзі қазіргі кезде қайда екені белігсіз, бірақ ол жандармерия күштерінің қорғауында деген болжам бар.
23 қаңтардан бастап бүкіл елде коменданттық сағат енгізіліп, білім министрлігі елдегі мектептерді жапқан.