Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Буркина-Фасо мен Нигер әскерилері 100-ге жуық лаңкестің көзін жойды
14:12 / 2022-04-26

Буркина-Фасо мен Нигер үкіметі әскерлерінің шекаралық аймақта бірлескен операциясы нәтижесінде сәуір айында 100-ге жуық лаңкес жойылды.

MAP ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2-25 сәуір аралығында Буркина-Фасо мен Нигер әскерилері барлау және жауынгерлік ұшақтардың қолдауымен Таанли-3 деп аталатын бірлескен операция жүргізген.

Соның нәтижесінде 100-ге жуық лаңкес жойылып, лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 40 адам ұсталған. 

Бұдан бөлек, материалдық-техникалық базалар жойылып, содырлардың қарулары мен оқ-дәрілері, жарылғыш құрылғылар жасауға арналған заттар мен жабдықтары, ондаған бөшке жанар-жағармай, көліктері тәркіленген.

Дереккөздің хабарынша, бірлескен операция аясында екі сарбаз қаза тауып, тағы екеуі жараланған.

Бірлескен есеп операцияның нәтижесін «Терроризммен күресте Буркина-Фасо мен Нигер арасындағы әскери ынтымақтастықтың тамаша сипатын айғақтайтын сәтті» деп атаған.