Бундеслига ойындарына жанкүйерлер кіруіне рұқсат беріледі
Бундеслига клубтарының ойындарын тамашалауға 2020/21 маусымының басынан бастап стадиондарға жанкүйерлердің кіргізуге рұқсат беріледі
Бундеслига клубтарының ойындарын тамашалауға 2020/21 маусымының басынан бастап стадиондарға жанкүйерлердің кіргізуге рұқсат беріледі.
Лига башылығы клуб ареналарына қазан айының соңына дейін 20 пайызға жуық жанкүйерлердің кіруіне рұқсат бермек. Содан кейін жағдай қалай боларына назар аударылады, трибунада жанкүйерлер санын көбейтуге бола ма, жоқ па, соны шешеді.
Бундеслиганың шешіміне сай, кездесу алдынан барлық қауіпсіздік талаптары сақталуы керек және қонақ команда жанкүйерлеріне стадиондарға кіруге тыйым салынады, тек абонементтері барларды қоспағанда. Егер белгілі бір аймақта жеті күн ішінде 100 мың тұрғынға 35-тен астам адам коронавирусты жұқтыру жағдайы тіркелсе, онда бұл аймақта көрермендер үшін стадионға кіруге рұқсат етілмейді.
Еске салар болсақ, Бундеслига ойындары 18 қыркүйекте басталады. Маусымның алғашқы кездесуі «Бавария» клубының алаңында «Шальке 04» клубына қарсы өтпек.