Буффалода 10 адамды атқан азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды
2022 жылдың мамырында Буффало қаласындағы (Нью-Йорк) супермаркетте атыс ұйымдастырған американдық Пейтон Гендрон өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нью-Йорк соты 2022 жылдың мамыр айында Буффало қаласында нәсілдік өшпенділік негізінде 10 адамды атып өлтірген 19 жастағы Пэйтон Гендронды шартты түрде босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Басылым дерегінше, 19 жастағы Гендрон терроризм үшін де сотталған. АҚШ-тың Әділет министрлігі Гендронға да айып тағуы мүмкін. Егер бұл орын алса, американдық өлім жазасына кесіледі.
2022 жылдың қарашасында Пейтон Гендрон өзіне тағылған барлық айыптарды мойындаған еді.