Әбу Райхан Бирунидің 1050 жылдығы халықаралық деңгейде кеңінен аталып өтіледі
Ұлы ойшыл және энциклопедист-ғалым Әбу Райхан Берунидің туғанына 1050 жыл толуына орай атаулы дата халықаралық деңгейде кеңінен аталып өтілетін болады.
Бұл туралы Мемлекет басшысының жарлығы қабылданды.
2022-2023 жылдары ұлы ойшыл, энциклопедист-ғалым жаратылыс білімінің негізін қалаушылардың бірі Әбу Райхан Бирунидің 1050 жылдығы ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен халықаралық деңгейде кеңінен аталып өтілетін болады.
Атап айтқанда:
- «Ұлы Бируни мұрасы» халықаралық туристік маршруттары іске қосылады;
- 2023 жылдың соңына қарай Қарақалпақстан Республикасының Бируни ауданында Әбу Райхан Бируни кешені салынады;
- Ұлы ойшылдың ғылыми-шығармашылық мұрасына жататын қолжазбалар мен басқа да мәдени құндылықтар қалпына келтіріледі;
- Ғылым академияның Қарақалпақстан филиалы мен Хорезм Мамун академиясы жанынан мәдени мұра объектілерін реставрациялау және консервациялауға мамандандырылған зертхана құрылады;
- Хорезм облысында студенттер арасында Әбу Райхан Бируни атындағы халықаралық ғылым олимпиадасы өтеді.
Әбу Райхан Бируни атындағы халықаралық сыйлық тағайындалады.
2022 жылдың желтоқсанына дейін «Бируни және жастар» арнайы бағдарламасы әзірленіп, ойшылдың өмірі мен ғылыми-танымдық еңбектері туралы мәліметтерді қамтитын мобильді қосымша жасалады.
Ғалымның шығармаларының толық сериясы өзбек, қарақалпақ, орыс, ағылшын, араб, парсы тілдерінде жарық көреді.