Бішкекте Өзбекстан тауар биржасының сауда алаңы ашылды
Қырғызстан астанасында Өзбекстан Республикасы тауар биржасының сыртқы сауда алаңы ашылды.
«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, биржаның жаңа сыртқы сауда алаңы қырғыз серіктестерімен бірлесіп құрылған.
Жаңа сауда алаңының қызметін іске қосудан мақсат Республикалық тауар биржасында сатылым көлемін арттырумен қатар, жеке сектордың салаға қатысуын кеңейту.
Қазіргі кезде Бішкектегі биржаның сауда алаңында бастапқы сауда операциялары іске қосылған.