Брюссель қаласында Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жеделдету перспективалары талқыланды.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің Еуропа елдері және ЕО институттарымен ынтымақтастық департаментінің басшысы Айбек Шахавдинов Брюссельге сапары барысында Еуропалық Комиссияның Халықаралық серіктестік және сауда жөніндегі бас директоратының Орталық Азия елдері мен ынтымақтастық жөніндегі өкілі Сара Риналдимен кездесу өткізді.
СІМ мәліметінше, тараптар Өзбекстан-Еуропа қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен түрлі деңгейдегі сапарлар кестесін қарастырды.
«Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында ынтымақтастықты кеңейту мақсатында тұрақты түрде диалог жүргізу келісілді», делінген хабарламада.