Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Брюссельде «Қамбарата ГЭС-1» жобасын қаржыландыру жөнінде меморандумға қол қойылды
12:10 / 2025-10-13

Бельгияның Брюссель қаласында өткен «Global Gateway» форумы аясында Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан энергетика министрлерінің қатысуымен кездесу өтті.

Онда министрлер елдер арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту, әсіресе өңірлік маңызыды саналатын «Қамбарата ГЭС-1» жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанның энергетика министрліктері мен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), сондай-ақ Еуропа инвестициялық банкі (ЕИБ) арасында өзара түсіністік меморандумдарына қол қойылды.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, «Қамбарата ГЭС-1» жобасы аясында су сыйымдылығы 5,4 миллиард текше метр болатын су қоймасы салынып, қуаттылығы 1860 мегаватт гидроэлектр станциясы іске қосылады. Бұл арқылы жылына шамамен 5,6 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіру мүмкіндігі пайда болады. Жоба тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірде экономикалық өсім мен ынтымақты нығайтуға үлес қосады.

Сондай-ақ «Global Gateway» форумы шеңберінде Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) бастамасымен «Орталық Азиядағы серіктестік диалогы» өтті.

Оған Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанның энергетика министрліктерінің өкілдері қатысты.

Бұдан бөлек, Еуропалық Одақтың бастамасымен халықаралық қаржы институттары мен өңірлік энергетика министрліктері қатысқан «Орталық Азиядағы гидроэнергетикалық әлеуетті арттыру» тақырыбында сессия ұйымдастырылды.

Онда «Роғун» және «Қамбарата» секілді ірі гидроэнергетикалық жобалардың маңызы, оларды жүзеге асыруда халықаралық қаржы институттарының рөлі, су ресурстарын ұтымды пайдалану, халықты жұмыспен қамту және тұрақты ауыл шаруашылығын қолдау бағыттарында пікір алмасылды.