Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Брюссельде бір апта ішінде төртінші атыс болды
12:32 / 2025-02-08

Бельгия астанасы құрамындағы Петербос коммунасында болған атыс салдарынан бір адам қаза тапты.

Бұл туралы коммуна мэрі Фабрис Кумпс хабарлады.

Полицияның мәліметінше, атыс Петербос тұрғын үй кешенінің 14-блок маңында болған. Қаза тапқан азаматтың тұлғасы әлі анықталған жоқ, оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта тергеу судьялары мен криминалист сарапшылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Бұл – Брюссельде үш күн ішінде болған төртінші атыс. Полиция аталған оқиғалардың есірткі топтарының қақтығысымен байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Жағдайдың шиеленісуіне байланысты Бельгияның Ішкі істер және Әділет министрлері Брюссельдегі полицияның дайындығы күшейтілетінін және заңсыз қару саудасына қарсы күрес жандандырылады деп мәлімдеді.

Андрелахт мэрі федералды үкіметтен қылмыстық топтарды жою үшін қосымша ресурстар бөлуді сұрады. Брюссельде жыл сайын есірткі саудасы мен оған байланысты атыстар көбейіп келеді, бірақ бұл қылмыстық әрекеттер 2023 жылдан бастап одан әрі ушыға түскен.

Еске сала кетейік, 4 ақпан күні Швецияның орталық бөлігінде, Стокгольмнен 200 км батыста орналасқан Эребру қаласында мектеп жанында ересектерге арналған оқу орталығында атыс болған. Оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты.