Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Брюгге» клубы бас бапкерді қызметінен босатты
12:41 / 2023-03-09

Бельгияның «Брюгге» клубы Еуропа Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Бенфика» клубынан жеңілген соң бас бапкерді қызметінен босатты.

Клуб ағылшын маманымен қоштасқанын Чемпиондар лигасының екі кездесуінде (0:2, 1:5) 1:7 есебімен ұтылып, турнирден кеткеннен кейін хабарлады.

42 жастағы Скотт Паркер команданы 2022 жылдың 31 желтоқсанында қабылдап алған еді. «Брюгге» оның қол астында 12 ойында 2 матчта ғана жеңіске жетті. Клуб Бельгия чемпионатында 4-орында. 

Чемпиондар лигасы 1/8 финалында қарымта өткен кездесулер нәтижесі бойынша, «Бавария» мен «Милан» клубтары турнирді жалғатрыатын болды.

  • «Бавария» - «Пари Сен-Жермен» 2:0 (1:0)
  • «Тоттенхэм» -«Милан» 0:0 (0:1)