Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бірқатар азық-түлік өнімдеріне ҚҚС бойынша жеңілдіктер ұзартылады
14:46 / 2022-01-11

Өзбекстанда ет, картоп, өсімдік майы сынды бірқатар азық-түлік өнімдерін импорттауда ҚҚС жеңілдіктері 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды.

Олий Мажлис Заң шығару палатасының 11 қаңтардағы отырысында «Өзбекстан Республикасы Салық кодексінің 483-бабына негізгі азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.

2022 жылдың 30 сәуіріне дейін мына өнімдер ҚҚС төлеуден босатылады:

Өзбекстан Республикасы аумағына өсімдік майын, күнбағыс пен зығыр тұқымын, сондай-ақ соя бұршағын әкелу;

өсімдік майын (мақта майын қоспағанда) өндіру және (немесе) өткізу бойынша айналым;

ет (ірі қара мал, қой, құс), тірі жануарларды (ірі қара мал мен құс) және картоп пен мұздатылған балықты өткізу, сондай-ақ оларды ел аумағына әкелу бойынша айналым.

Аталған заң жобасын қабылдау негізгі азық-түлік тауарларымен толық және үздіксіз қамтамасыз етуге, баға тұрақтылығын сақтауға және халықтың кірісін арттыруға қызмет ететіні айтылған.