Бірінші ханым Зироат Мирзиёева халықаралық саммитке қатысты
Өзбекстан Республикасы Президентінің жұбайы Зироат Мирзиёева Қатарда өткен білім саласындағы 11-ші халықаралық инновациялық саммитке қатысты.
2011 жылдан бері бұл ірі конференция Қатар білім, ғылым және әлеуметтік даму қорының (Катар қоры) төрағасы шейха Муза бинт Нассер Әл-Миснадтың демеушілігімен өткізіліп келеді. Оның негізгі мақсаты – саясат, зерттеу және көшбасшылық сияқты салалардағы бастамаларды ілгерілету арқылы білім беруде инновациялық бағдарламалар жасау.
Биылғы шара «Жасанды интеллект дәуіріндегі адам шығармашылығы» тақырыбына арналды.
29 қарашада саммиттің негізгі шараларына жоғары мәртебелі меймандар, соның ішінде шет мемлекеттердің министрлері, білім және әлеуметтік сала мамандары қатысты.
Бұл саммитке қатысу соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан Өзбекстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір көрінісі болды.
ӨзА